«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» байқауы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
март
2024

«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» байқауы

       Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында  «Жеңгелер» клубы жетекшілері А.Кизатова, Ш.Уразалиеваның ұйымдастыруымен «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» байқауы ұйымдастырылды.            

      Байқауға 5-сыныптан Жанат Айсель /Атабаева Мейрамгүл/, 7-сыныптан Абдықадыр Назым /Дунаева Мәкен/, 9-сыныптан Нұрғисан Ақбота /Идятова Жанар/, 10 сыныптан Әділ Аружан /Орынбасарова Разия/ жеңгелерімен қатысты.

      Жеребе тастау арқылы қыздар мен жеңгелері нөмір таңдап, өз өнерлерін ортаға салды.

      Байқау жеті кезеңнен тұрды:

1.      «Сәлем-сөздің анасы» таныстыру

2.      «Сен салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақ-жауап

3.      «Шебердің қолы алтын» қол өнері /ою-өрнек, т.б./

4.      «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету

5.      «Сұлулық сыры» шаш үлгісі

6.      «Бармағынан бал тамған» мерекелік ас мәзірі

7.      «Ерке қыздан жаны жайсаң жеңгесіне сыйлық»

        «Сәлем-сөздің анасы» кезеңінде қыздар жеңгелерімен бірге өздерн таныстырып өтті.

        «Сен салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақ-жауап кезеңінде салт-дәстүр бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

        «Шебердің қолы алтын» кезеңінде қыздар жеңгелерімен бірлесіп, ою ойып, әділқазы алқаларына оюдың аты, қайда қолданылатындығы жайында түсіндіріп өтті.

        «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде Жанат Айсель жеңгесі Атабаева Мейрамгүлмен көрініс көрсетті. Абдықадыр Назым  жеңгесі Дунаева Мәкенмен көрініс көрсетіп, қазақ биін биледі. Нұрғисан Ақбота жеңгесі Идятова Жанармен бірге ән айтты. Әділ Аружан жеңгесі Орынбасарова Разиямен көрініс көрсетті.

        «Сұлулық сыры» кезеңінде жеңгелер қыздардың шаштарына әдемі шаш үлгісін жасап, таныстырып өтті.

        «Бармағынан бал тамған» кезеңінде мерекелік ас мәзірін дайындап, таныстырып өтті. Әділқазы алқалары дәм татып, өз бағаларын берді.

         «Ерке қыздан жаны жайсаң жеңгесіне сыйлық» кезеңінде қыздар өздерінің сырласындай болған жаны жайсаң жеңгелеріне арнап жасаған сыйлықтарын ұсынды.

        Әділқазы алқалары /Джандарбекова Г.А.-ДОІЖО, Орынбаева Р.Ш.-ата-аналар комитетінің төрайымы, Шагатаева Г.- үлгілі ана/ тағайындалып, әділ бағаларын берді.

       Байқау нәтижесі бойынша Әділ Аружан жеңгесі Орынбасарова Разиямен гран-при, Нұрғисан Ақбота жеңгесі Идятова Жанармен бірге 1-орын, Абдықадыр Назым   жеңгесі Дунаева Мәкенмен 2-орын, Жанат Айсель жеңгесі Атабаева Мейрамгүлмен 3-орын иеленді. Жүлде иегерлеріне марапат қағазы мен сыйлықтар тарту етілді.

 https://www.instagram.com/reel/C4J8oqci_55/?igsh=MXIyeWJqMmFtOWhldw==



[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив