"Балауса" қыздар тобы. Қыз балалармен психологиялық жұмыс » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балауса" қыздар тобы. Қыз балалармен психологиялық жұмыс
15
ноябрь
2022

"Балауса" қыздар тобы. Қыз балалармен психологиялық жұмыс

Өткізілген іс-шараның мақсаты: Отбасында қыз баланың жеке тұлға болып қалыптасуы үшін ұлттық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, жас жеткіншектер арасындағы  ерте жүктіліктің алдын алу. Ерте жастағы жүктілік, оның алдын алу жолдары туралы оқушыларға  айтып, түсіндіру.

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың қараша айында мектепішілік «Балауса» қыздар тобы жоспарына сай кәмелеттік жасқа толмаған 6-11 сыныптардың қыздары арасында «Ерте жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп педагог-психологы  Г.А. Джандарбекованың ұйымдастыруымен қыздар арасында қыздар кеңесі ұйымдастырылды.    

Іс-шараға мектеп медбикесі Қырықбаева М.А. және де 6-11 сыныптардың қыз балалары қатысты. 

Іс-шара барысында статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, қаланбаған ерте жүктіліктің себеп-салдары, қауіп-қатері, ерте жүктіліктің ертеңі туралы түсінділіріп, әлеуметтік, психологиялық тұрғыдан үлкен мәселе екендігі айтылды. 


Сондай ақ «Болашақ ұрпақ, бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе- Ерте жүктілік» бейне ролигі көрсетілді. 

Сұрақтар жаңбыры айдары бойынша мектеп медбикесі М.Қырықбаева Жасөспірім қыз алғаш рет гинекологқа қай жастан барып қаралуы қажет?, Қыздар неше жаста жыныстық тұрғыда толық жетіледі?, Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін қыздың қабілетті жасы қанша?,  Ерте жүктілік деген не?, Ерте жүктілік немен қауіпті? (медициналық тұрғыдан), Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?,  Ерте жүктіліктің нәтижесі қандай? деген сұрақтарға жауап берді. Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.

        Қыздарға психологиялық тұрғыдан кеңестер беріліп, қыздармен көңіл-күйге байланысты тренинг өткізілді. Қыз балалар жалпы өзін қалай тәрбиелеуі, қоғамдық ортада өзін ұстауы жайында Жаднама таратылды. Болашақта қыздармен ерте жүктіктің алдын алу мақсатында іс-шаралар жоспары  құрылып, жоспар бойынша әңгіме, жеке кеңес, жиналыстар өткізілу жалғастырылады.



 

[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив