«Білім негізі бастауышта» атты бастауыш әдістемелік - бірлестік апталығы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім негізі бастауышта» атты бастауыш әдістемелік - бірлестік апталығы
15
ноябрь
2021

«Білім негізі бастауышта» атты бастауыш әдістемелік - бірлестік апталығы

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-жылдың 15-22 қараша күндері аралығында өткен «Білім негізі бастауышта» атты бастауыш әдістемелік - бірлестік апталығының қорытындысы

Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары ерекше көңілмен дайындалды.Апталық кезінде өткізілген ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, мектеп директоры Н.Б.Қайыржанов бекітті.Апталық қарсаңынды бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1-қабаты тақырыпқа сай безендірілді.Бастауыш   сыныптар апталығы 15.11 күні ашылуын өткізуден басталды.Ашылуына барлық 5 сынып оқушылары қатысты.

Бекітемін:                                                                                               Келісемін:

мектеп директоры                                                                                 оқу ісінің орынбасары

Н.Б.Қайыржанов                                                                                      Г.А.Джандарбекова    

                                               

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-жылдың 15-22 қараша күндері аралығында өтетін «Білім негізі бастауышта» атты бастауыш әдістемелік - бірлестік апталығының жоспары

р/с

Тақырыбы

Пәні

Мерзімі

Уақы

ты

Сыныбы

Жұмыс мазмұны

Жауапты

1

«Білім негізі бастауышта»


15.11.21

0945

МДС,1-4 сыныптар

Апталықтың ашылуы

ӘБ, Бастауыш сынып мұғалімдері

2

«Түбір сөз және туынды сөз»

Қазақ тілі

16.11.21

0810

3-сынып

Ашық 

сабақ

Кизатова А.С

3

Тиімді тəсілмен қосу жəне азайту

Математика

16.11.21

0900

2-сынып

Ашық 

сабақ

Шағатаева Н.С

4

Ойлы бала озар!


16.11.21

1050

2-сынып

Сыныптан 

тыс сабақ

Шагатаева Н.С

5

М дыбысы мен әрпі

Сауат ашу

17.11.21

0935

МДС

Ашық 

сабақ

   Уразалиева Ш.С

6

«Адамның дене мүшелерінің қызметі»

Жаратылыстану

17.11.21

1040

1-сынып

Ашық

 сабақ

Садуакасова О.Қ

7

«Дарындылар додасы»

Математика

17.11.21

1050

3-сынып

Сыныптан 

тыс сабақ

Кизатова А.С

8

Заттар қандай болады?

Жаратылыстану

18.11.21

1040

4-сынып

Ашық 

сабақ

Абдуаханова А.Ө

9

«Алғыр алтау»


19.11.21

0940

1-сынып

Сыныптан тыс сабақ

Садуакасова О.Қ

10

«Тапқыр достар!»


19.11.21

0950

4-сынып

Сыныптан тыс сабақ

Абдуаханова А.Ө

11

Қорытынды


22.11.21

0945

МДС,1-4 сыныптар

Апталықты қорытындылау

ӘБ, Бастауыш сынып мұғалімдері

Әдістемелік- бірлестік жетекшісі:                                Шагатаева Н.С

      «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3-сынып оқушыларының қатысуымен       А.Кизатова 16-қараша күні  қазақ тілі пәнінен «Түбір сөз және туынды сөз»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. 




Сабақ барысында мұғалім оқушылармен ынтымақтастық ахуал орнатып, «Мозайка» әдісі арқылы қағаз қиындыларының бөліктерін біріктіріп, топ атауларын анықтап оқушылар екі топқа бөлінді. 1-топ «Түбір сөз», 2-топ «Туынды» болып атанды. Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатын түсіндірді. Интербелсенді тақтада презинтацияны ұсынып, сілтемеде ұсынылған бейнероликті көрсетіп түбір сөз және туынды сөз туралы білімдерін пысықтады. 1-тапсырмада  «Ойлан, жұптас талқыла» әдісі арқылы берілген мәтінді оқып шығып, мәтіннің авторымен танысты. Мәтіннен туынды сөздерді тауып оқыды. Дәптерге 19-жаттығуда берілген мақалдың қатесін түзеп көшіріп жазды. Сөздерді сөз құрамына талдады. «Көңілді күн» әніне би билеп оқушылардың бойларын сергітті. 2-тапсырмада жұптық жұмыс жүргізіліп әр жұпқа түбір сөздер беріліп, туынды сөздер жасап параққа жазды. 3-тапсырмада топтық жұмыс жүргізіліп берілген сөздерге «Түбір сөз» тобы түбір сөздерді, « Туынды сөз» тобы туынды сөздерді теріп жазып постер қорғады. Әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалау жүріп, оқушылар кері байланыс беріп отырды. Оқушылар сабақты қалай түсінгендерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалап көрсетті.   Тақырыпты оқушылар жақсы меңгеріп, мұғалім мақсатына жетті. 



                16-қараша күні 2-сынып оқушыларымен математика пәні бойынша Н.Шагатаева  «Тиімді тəсілмен қосу жəне азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді .Сабаққа 9-оқушы қатысты. Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін,сабақ өлең шумағын жатқа айтып басталды. Сұрақ –жауап әдісі және ауызша жылдам есептеу   арқылы  өткен сабақты еске түсіріп, жаңа сабақтың тақырыбын айтып, оқу мақсатымен таныстырды. «Орындап көр» әдісі арқылы топпен жұмыс берді.Үш топқа тапсырма берді.Оқушылар тиімді тәсілді қолданып,есептеудің тиімді тәсілін тауып,тиімді тәсілмен есептеді. «Ойлан-Жұптас-бөліс» әдісі арқылы жұппен жұмыс жасап,тапсырманы дәптерге оры15.11.21ндады.Жұп бірін-бірі смайлик арқылы бағалады. «Қарқын әдісі» арқылы жеке тапсырма берілді. Есепті оқып,әртүрлі тәсілмен шығарды. 

Сергіту сәтінде «Шыбын аулау» ойынын ойнады.

Соңғы тапсырмада топпен  мәтін есеп шығарды. Дескриптор арқылы  есепті оқып, шартын жазып,шешуін  шығарып, жауабын жазды. «Сұрақ –жауап »  әдісі бойынша кері  байланыс   

 алды. «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жасады. Үй тапсырмасы беріліп, оқушыларды бағалады. Мұғалім оқу мақсатына жетті.

17-қараша күні МАД оқушыларымен сауат ашу оқу қызметінен Ойын және мінез«М дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық оқу қызметі өтті.Ашық оқу қызметіне 8-оқушы қатысты.МАД тәрбиешісі Ш.Уразалиева өткізді. Балалардың зейінін сабаққа аудару үшін,шаттық шеңберін құрып,балалармен бірге   бір біріне деген жылы лебіздерін білдірді.Сұрақ –жауап арқылы өткен оқу қызметінде қандай әріппен танысқандарын естеріне түсірді.Жаңа сабақты жұмбақ жасыру арқылы бастады.Тіл жаттықтыру жаттығуларын жасатып айтқызды. 

Оқу қызметіне тарту тәсілдері арқылы балаларға интербелсенді тақтамен жаңа тақырыпқа байланысты қызықты тапсырмалар орындатты.Әліппе дәптермен жұмыс жасады.Балалар топпен сергіту сәтін жасады.Оқушылармен өте қызықты ойын «Болады болмайды»ойынын ойнатты.Балаларға қызықты болды.Оқу қызметінің соңында сұрақ-жауап арқылы кері байланыс алып,балаларды әртүрлі күлегештермен мадақтады. 



                16-қараша күні 2- сынып оқушыларымен «Ойлы бала озар!» 

тақырыбында Н.Шагатаева сыныптан тыс   сабақ өтті.Мақсаты:Сынып оқушыларының әр пән бойынша алған білімдерін саралау.Ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге баулу.

Сайысқа 2 топ қатысты. «Алғырлар», «Тапқырлар». Оқушыларға сайыстың шарты түсіндірілді. Топтармен таныстырылды.Кезеңдерге тоқталды. Жарыс 5 кезеңнен тұрады       1-кезең "Кім тапқыр?"     2-кезең "Кім көп біледі?" 3-кезең "Ойлан тап"4-кезең "Ұшқыр ой"5-кезең "Білгенге маржан".Әр кезеңде оқушылар қойылған тапсырмаларға жауап берді.Оқушылар қызығып, белсене ат салысты.Белсене ат салысқан оқушыларға мадақтама берілді.


17-қараша күні  математика пәнінен «Дарындылар додасы»  тақырыбында А.Кизатова сыныптан тыс сайыс сабағы  өткізді.

Мұғалім сайысқа қатысушы «Алғырлар», «Білгірлер» атты екі топты ортаға шақырып әділқазы алқаларын сайлады. Сайыстың 7 кезеңдерімен таныстырып өтті. Әр топ өз топтарын таныстырып , ұран сөздерін жатқа хормен айтты. «Бәйге»1-кезеңінде  әр топқа 10 сұрақ берілді. Сұрақтарға жылдам, дұрыс жауапқа 1 ұпайдан қойылып, жылдамдық ескерілді. «Математикалық өлең есеп»1- кезеңінде әр топқа өлең есептер берілді. «Анаграммалар шешу» 3-кезеңінде топтарға жұмбақ есептерді жауабын шешті. «Көңілді ребус» 4-кезеңінде екі топ ребус шешті  «Алғырлар» тобы «Отан» , «Батыр» сөздері анықталды. 5-кезеңде әртүрлі логикалық есептер шығарылса, 6-кезеңде көбейту кестесі сұралды.  Барлық оқушылар белсенді түрде жарыса қатысып , сайыс сабағы қызықты өтті. Сабақтың соңында әділқазы алқарына  сөз беріліп, жеңімпаз топ марапатталды.


18- қараша  күні 4- сынып оқушыларының қатысуымен  А.Абдуаханова «Заттар қандай болады?» атты ашық  сабақ өткізді.

Сабақ барысында мұғалім Ой қозғау «Жедел жауап» әдісі арқылы

Екі ыдыстағы суды салыстыр.Қай стақандағы судың құрамы таза? Деген сұрақ қою арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.топтық жұмыс жүргізіліп«Мен зерттеушімін» әдісі  арқылықоспаның құрамындағы заттарды бөліп алуға бола ма деген сұрақтың жауабын зерттейді,зерттеу барысын анықтап,тұжырым жасайды. Қажетті заттармен зерттеу жұмысын жүргізіп сұрақтарға жауап береді.

Жұптық жұмыс жүргізіліп,суреттердің көмегімен сұрақтарға жауап береді

Темірден балғаны қалай жасайды?Көжені қалай жасайды?Балмұздақ қандай өзгеріске түсті? Неліктен?Қамырды қалай жасайды?Заттардың барлығын қайнату, еріту, балқыту мүмкін бе? Неліктен? Заттардың осындай үдеріске түсуін олардың қасиетіне жатқызуға бола ма? Деген сұрақтарға суреттердің көмегімен  жауап бередіДәптермен жұмыс жүргізіліп, 41-жұмыс парағын орындайды

«Кері ой қозғау» әдісі арқылы тест жұмысымен сабақты қорытындылайды . Әр тапсырма сайын қалыптастырушы бағалау жүріп, оқушылар кері байланыс беріп отырды. Оқушылар сабақты қалай түсінгендерін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалап көрсетті.   Тақырыпты оқушылар жақсы меңгеріп, мұғалім мақсатына жетті. 

                19-қараша күні 4- сынып оқушыларымен «Тапқыр достар» 

тақырыбында сыныптан тыс  сабақ өтті.*Сынып оқушыларының әр пән бойынша алған білімдерін саралау.Ой ұшқырлықтарын байқау,топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге баулу.

Сайысқа 3-топ қатысты. «Алғырлар», «Тапқырлар».«Білгірлер» Оқушыларға сайыстың шарты түсіндірілді. Топтармен таныстырылды.Кезеңдерге тоқталды.Жарыс 8 кезеңнен тұрады  1-кезең “Таныстыру” 2-кезең“Қас – қағым сәтте”3-кезең“Тұлғаны тани біл” 4-кезең“Сандар сыры ”5-кезең“ Мақал - сөздің мәйегі ”6-кезең“Көкпар” 7-кезең“Ойлы болсаң, озып көр! ” 8-кезең“Іздеген жетер мұратқаӘр кезеңде оқушылар қойылған тапсырмаларға жауап берді.Оқушылар қызығып, белсене ат салысты.Белсене ат салысқан оқушыларға мадақтама берілді.

Апталықтың жабылу салтанатын бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.С.Шагатаева жүргізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Джандарбекова  апталықта белсенділік танытып ерекше көзге түскен оқушыларды мадақтама  қағазымен  марапаттады және апталықты қорытындылады.

Бастауыш әдістемелік –бірлестік  жетекшісі:         Н.Шагатаева 

[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив