«16 Наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні" » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «16 Наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні"
16
март
2024

«16 Наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні"

           «16 Наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай  2024 жылдың 16 наурыз күні 1-11 сынып аралығында «Дәстүр» челленджі ұйымдастырылды.

        Мақсаты: Оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету.

       Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шаекенова 1-11 сынып оқушыларын «Дәстүр» челленджіне қатысуға шақырды.

      1-сынып оқушылары «Көрісу» дәстүрін көрсетіп, 2-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.

       2-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Жарапазан айту» дәстүрін көрсетті.

Жарапазан — қазақ даласына ислам дінінің келуімен пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Оны еліміздің кейбір өңірлерінде «Жарамазан» деп те атайды. Арабтың «Жә Рамазан» деген сөзінен шыққан тіркестің мағынасы «Рамазан келді» дегенді білдіреді. Балалар мен жасөспірімдер оны Рамазан айында сәресі уақыты жақындаған кезде айтады. Ондағы мақсат — адамдарды сәресіге ояту. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. 

      2-сынып оқушылары 3-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады. 

 

       3-сынып оқушылары 2-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Ақ алып шығу» дәстүрін көрсетті.

Ақ алып шығу — қазақ халқының бірлігі мен мейірбандығын танытатын рәсімдерінің бірі. Ертеректе іргесіне көшіп келе жатқан ауылдың алдынан “Көш байсалды болсын!”, — деп, қазақ үшін ас атаулының киелісі ас алып шығу дәстүрі болған. Көшіп келе жатқандардың көшбасшысы көлігінің бұйдасын ұстап қарсы алғаннан кейін екі ауылдың аналары көштегілерді аялдатып, сабадағы қымыз бен дастархандағы еттен ауыз тиген. Қазақта тұсынан өтіп бара жатқан көшке ақ алып шықпау әдепсіздікке саналған. Көңілінде дығы бар, береке жағына беттемегендер ғана бұл рәсімге бой ұрмаған.

      3-сынып оқушылары 4-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

    4-сынып оқушылары 3-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Байғазы» дәстүрін көрсетті.

         Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.

         4-сынып оқушылары 5-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

      5-сынып оқушылары 4-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Шолпы тағу» дәстүрін көрсетті.

Шолпы – ұлттық әшекей ғана емес, қыз баласының бойжеткенін білдіретін рәміз. Он бес жасқа толғанда жеңгесі екі үзбелі күміс шашбауды қос бұрымына тағады. Мұны – шолпы тағу дәстүрі дейді. Осы сәттен бастап бойжеткенін білген ару жүрісіне дейін мән бере бастайды. Өйткені құда түсушілер қыздың мінезін шолпысының сыңғырынан аңғарған.

       5-сынып оқушылары 6-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

        6-сынып оқушылары 5-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Қолкесер» дәстүрін көрсетті.

Қол кесер — соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға. Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбек ақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр, жеңіліне қарамай тиісті ақысын берген «келі түбі», «қол үздік» сияқты. «Қол кесер» - соғым сойған, етті мүшелеген. Етті мүшелеген уақытта қолын кесіп алса, ақы төленген. Етті мүшелегенді «соғым соятын» отбасы жақсы біледі. Союшы адам міндетті түрде «қол кесер» алған. «Ауыз омыртқа» деген мүшені союшы адам алатын. Соғым сою – отбасы үшін қуаныш, мереке күн болған. Соғымнан алғашқы дәм «қуырдақ» болады.

        6-сынып оқушылары 7-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

       7-сынып оқушылары 6-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Ерулік» дәстүрін көрсетті.

          Ерулік— дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

     7-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады. 

         8-сынып оқушылары 7-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Бәсіре» дәстүрін көрсетті.

        Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.

        8-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

       9-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Шеге шапан» дәстүрін көрсетті.

Шеге шапан (дәстүр, кәде). Құда болуға баталасқан екі жақ келіскенен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсынғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.

       9-сынып оқушылары 10-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.             

    10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Базарлық» дәстүрін көрсетті.

        Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы. Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым түрінде болады. Дәстүрлі ортада базардан келе жатқан кісіден базарлық сұрау салты болған. Ескеріп базарлық әкелу - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі, қауым мүшелерінің арасында дәнекер, әлеуметтік, моральдық қатынастарды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде де бағамдауға болады.

https://www.instagram.com/reel/C4nMChvr9Ge/?igsh=M2xuYXNidTh0MGpi



[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив