Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2022

Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі

«Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылының           26.01-03.02 күндер аралығында өтілген "Тіл мен тарих-ғасырлар куәсі" атты қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік пәндер бірлестігінің апталығының өту барысы туралы 

Есеп

         Мақсаты: Оқу-тәрбие барысында педагогикалық технологияларды қолдана отырып, бірнеше тілді меңгеруге жетелеу,ұлтжанды,бәсекеге қабілетті, қажырлы қайсар, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеу. 

Қабырғаларға апталықтың жұмыс жоспары ілінді,әр пәннен қабырға газеттері және қызықты тапсырмалар ілінді 

           Апталықтың ашылуы қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік пәндер бірлестігінің жетекшісі С.Искакованың  ұйымдастыруымен  салтанатты жиыннан басталды.  

Қатысқандар : Салтанатты жиынға 5 - 11 сыныптың  оқушылары  және сынып жетекшілер мен мектеп әкімшілігі қатысты.

Өтілу уақыты: 26-қаңтар 2022 жыл

    Апталықтың ашылу салтанаты жүргізушілердің өлең шумақтарынан кейін   мемлекетіміздің гимні   шырқалды.  Мектеп директоры Н.Қайыржанов сөз сөйлеп, оқушыларды алдағы болатын іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды. Бүгінгі күні барлық ғылымдардың ішіндегі ең қызық болып көрінетін алты пәннің алыптарына сөз берілді. Әр пән бастаушылары өлең шумақтары арқылы өздерінің ерекшеліктерін айтып шықты. Сынып оқушылары «Жасұлан» ұйымының президенті арқылы апталықта белсенді болуға уәде берді. 


     Алғашқы ашық сабақ  дүниежүзі тарихы  пәнінен 27.01.2022 ж  күні сағат 850 –де          5-сыныпта  «Терракот әскері Ежелгі қытайй туралы қандай ақпарат береді? » тақырыбында өтілді. Ашық сабақтың жоспары жаңартылған бағдарлама бойынша жасалынған. Оқушыларға психологиялық ахуал жүргізуден басталды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақты еске түсірді. «Жүзеге асыру» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу жұмысы жасалынды. Сабақта жеке, топтық,жұптық жұмыстарды  қолдану арқылы өткізілді. Болжам жасау арқылы сабақ қорытындыланды.Мұғалім қойылған мақсатына жетті, сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар белсенді болды. Пән мұғалімі: Ф.Ж.Сейсебай. 

  Жоспар бойынша 27.01.2022 ж  сағат 09.50де  қазақ тілі пәнінен  10- сыныппен  «Адамзат дамуы  және әлемдік саясат» тақырыбындағы ашық сабақ өткізілді.Сабақ «Менің есімімнің тарихы» әдісі арқылы психологиялық ахуал жасалынды. «Миға шабуыл» әдісі өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау болды.Сабақта топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыста қамтылды.Мұғалім өз мақсатына жетті, сабақ өте тартымды,қызықты  болды.Оқушылардың барлығы белсенділік танытты.

Пән мұғалімі: Ж.Б.Садуова



28.01.2022 ж сағат 09.50 де Қазақстан тарихы   пәнінен 9-сынып оқушыларымен «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың жоспары  жаңа түрі бойынша жасалынған. Қойылған мақсатына жетті.Оқушылар «Желтоқсан оқиғасы» туралы тың мәліметтермен танысты. Оқушылардың барлығы сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап отырды.

Пән мұғалімі: А.Шаекенова 





    28.01.2022 ж сағат 10.40 та 7-сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ жоспары талапқа сай жасалынған. «Өзін-өзі» тексеру әдісі арқылы өткен білімді еске түсіруден басталды. «Ой шақыру.Тақырыпқа шығу» арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу жұмысы жасалынды. Зерттеу сұрағы: тақырып талқыланды. Сабақ барысында оқушылар топтық,жұптық, жеке жұмыстар арқылы тақырыпты талқылап,өз білімдерін көрсете білді. Мұғалім өз мақсатына жетті.   

Пән мұғалімі: З.К.Шағатаев


 

  Жоспар бойынша 31.01.2022 ж  сағат 09.50де  қазақ әдебиеті пәнінен  6- сынып оқушыларымен   С.Муратбековтің «Жусан исі» хикаясы  тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  арқылы психологиялық ахуал жасалынды. «Ыстық орындық » әдісі арқылы өткен сабақты еске түсіру. «Болжау» әдісі арқылы жаңа тақырыпты және мақсатын ашады.Мұғалім түрлі әдістерді қолдану арқылы өз мақсатына жетті.Оқушылар белсенді болды.Сабақты жақсы меңгергендіктері білінді. Пән мұғалімі: С.Ығылымғазы. 



    31.01.2022ж  күні  сағат 11.40 та  8 сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен             « Summarizing the chosen books» тақрыбында ашық сабақ өткізілді.Cабақ жоспары талапқа сай жасалынған. Психологиялық ахуал жасалынып,сабақ басталды. Болжау бойынша өткен сабақты еске түсірді. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы ашылды.Оқудың маңыздылығы туралы өткен сабақта оқушылар оқыған кітаптары жайында айтып шықты. Сонымен қатар түрлі әдістер арқылы Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырының мазмұнын ағылшын тілінде жеткізуге тырысты. Мұғалім қойылған мақсатына жетті.Пән мұғалімі: С.К.Искакова  


   01.02.2022 ж сағат 09.50.де 8 сынып оқушыларымен орыс тілі пәнінен   О.Сулейменовтың «Волчата» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Шаттық шеңбері арқылы психологиялық ахуал жасалынды. Сабақта жұптық,топтық,жеке жұмыстардың барлығы жасалынды.Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе алды. Тақырып бойынша жақсы мәліметтерді өздері айта білді.Сабақ тартымды, қызықты өтті. Мұғалім мақсатына жете алды.Пән мұғалімі: Г.С.Рахманбекова






01.02.2022ж сағат 15.05 те 3-сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен «My music» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жоспары талапқа сай жасалынған. Интербелсенді тақтамен көп көрнекіліктер көрсетілді.Пән мұғалімі жас маман болғандықтан біраз кемшіліктер болды. Оқушымен тығыз байланыс орнату, көрнекіліктерді тиімді пайдалана білу сынды ұсыныстар айтылды. Қойылған мақсатқа байланысты тапсырмалар жасау керектігі айтылды. Пән мұғалімі: А.О.Калиакбарова.  







  Жоспар бойынша сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды. 31.01.2022 күні сағат 15.00 де тарих пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жас тарихшы» танымдық-білім  сайысы өткізілді. Сайысқа әр сыныптан 1 оқушы алынып, өз білімдерін көрсетті. Айыс 6 кезеңнен құралды. Әр кезеңде оқушыларға қызықты да тартымды сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Оқушылар белсенділік танытты. Әділқазылардың қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті. І-орынды 9 сынып оқушысы Сырдарбек Айым, ІІ-орынды 7-сынып оқушысы Нұрғисан Ақбота, ІІІ-орынды 8-сынып оқушысы Ержанұлы Азамат пен 10-сынып оқушысы Ержан Гүлнара иеленді.Жеңімпаз оқушылар мадақтама грамотасымен және сыйлықтармен марапатталды. Пән мұғалімдері: А.Шаекенова және З Шағатаев. 



     01.02.2022ж күні сағат 15.00 де орыс тілі және ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Веселый марафон» әр-түрлі деңгейдегі оқушларға арналған танымдық-интелектуалдық жарысы өткізілді. Жарысқа 5-9 сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар сурет арқылы екі  «Шляпы» және «Панамы» тобы болып  бөлінді. Топтарға түрлі жеңілден қиынға дейінгі қызықты тапсырмалар берілді.Жарыс бірнеше турдан құралды. Алдын-ала сайланған әділқазылар алқасы оларға баға беріп отырды. Оқушылар өте белсенді болды.Қорытындысында «Шляпы» тобы І орынды иеленді. Белсенді оқушылар да марапаттарға ие болды.Олар: 9-сынып оқушысы              Тұрсын Алима, 8-сынып оқушысы Думанқызы Гаухар,5-сынып оқушысы Күнесбек Жанерке,8-сынып оқушысы Жұмахан Бекнұр, 9-сынып оқушысы Нұрмұханбет Айдана. 

Пән мұғалімдері: Г.Рахманбекова,С.Искакова,А.Калиакбарова.






02.02.2022ж қазақ тілі пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Ж.Жабаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. Кешке 5-10 сынып оқушылары іріктеліп алынды.Оқушылар Ж.жабаевтың өлеңдерін оқыды, өмірінен үзінді көріністер көрсетті, айтысты, би-билеп,  ән шырқады. Кеш өте тартымды өтті.Оқушылар ақынның өмірінен, шығармаларынан құлақдар болды. Пән мұғалімдері: Ж.Садуова және С.Ығылымғазы. 



  03.02.2022 күні аптылықтың жабылуына байланысты салтанатты жиын өтті.Жиында апталыққа белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.





ӘБ жетекшісі :                      С.К. Искакова

[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]

Похожие публикации:

30 декабрь 2020 Жетістіктеріміз
29 декабрь 2020 Жетістіктеріміз
10 декабрь 2020 Әкімшілік
09 декабрь 2020 Мектеп директоры
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив