«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарының өткізілуі туралы мәлімет » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарының өткізілуі туралы мәлімет
01
сентябрь
2023

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттарының өткізілуі туралы мәлімет



2023 жылдың 1-қыркүйек күні «МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылының басталуына байланысты Білім күнінен арналған   «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.

Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.

Міндеттері:

  • қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;   
  • білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;
  • білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; 
  • өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.  

     «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 1-қыркүйек білім күніне орай 4-сынып оқушыларымен «Мектебім -мейірім мектебім» тақырыбында сынып  сағаты  өтті. Сынып жетекшісі Шағатаева Н.С.

Мақсаты: Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын  түсіндіру; Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білім құмарлыққа шақыру. Білім алушыларға адам бойындағы  адамгершілік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып адами құндылықтарға тәрбиелеу. Сынып оқушылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізе білді.«Кім және не мейірімді?» деген тапсырмада білім алушылар түсіп қалған сөздерді тауып,өлеңді толықтырды.  «Жасырын хат» әдісі арқылы берілген тапсырмада сынып оқушылары өз ойларын ашық жазды. Мейірімділік нұры сөзіне топтастыру жасады.Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысты.

https://www.instagram.com/p/Cwo5UButuxu/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» КММ-нің 6 сынып оқушыларымен 1-қыркүйек-білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені!» атты сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі Искакова С.К.

Мақсаты: Алғашқы қоңырауда ұсынылған сынып сағаты тақырыбының мәнін аша отырып, оқушылардың білім алып отырған мектебіне деген махаббатын ояту. Сынып ішінде ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 

Сынып сағаты барысында оқушылар  «Жазғы демалыстан алған әсерім...» тақырыбы бойынша сынып ішінде әңгіме құрды. Әр оқушы өзінің жазғы демалыстан алған әсерімен бөлісті. Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді.  Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қойылып,өзара пікір алмасты.  Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек.Оқушылар осы тапсырманы қызығып орындап шықты. Қорытынды бойынша  «Ой қозғау» «Білім» сөзіне ассоциограмма жасады. Өте жақсы ассоциограммалар жасалды. 

https://www.instagram.com/p/Cwo3_nDNQAO/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мекемесінде 2023 жылдың бірінші қыркүйек күні 7-сынып оқушыларымен"Мектебім мейірім -мекенім" тақырыбында сынып сағатының өтті. Сынып жетекшісі 

Садуова Ж.Б.

Сынып сағатының мақсаты: балалардың мейірімділік,қайырымдылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту,оқушылардың психологиялық ой өрісін,ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

  Сабақтың басында «Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атап көрсетті. жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер? Деген сұрақ төңірегінде ой бөлісті. Оқушылар егер мектеп бомаса.... тақырыбында ой бөлісті.

Сынып оқушылары үш жұпқа бөлініп,тапсырмалар орындады. «Мектептің мейірімі Қожаны қалай өзгертті? «Рахымов ағайдың мектептегі орны қандай?» «Майқанова Қожаны жақсы көрді ме?» тақырыбында попс әдісі бойынша орындап шықты.

«Мен және менің мектебім» тақырыбында  бір сөз, сөз тіркесі, бір сөйлемнен түратын жарнама жазды.

https://www.instagram.com/p/CwozVGUttsn/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


01 қыркүйек 2023жылы 9-сынып оқушыларымен « Мектебім – мейрім мекені» атты сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі Рахманбекова Г.С.

Мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар мейірімділік, қайырымдылық туралы ойларын ортаға салды. 

Мейрімді адам кім? Мейірімді қандай іс жасадың? деген сұрақтарға жауап берді. 

Жақсылықпен- кәрі-жастың күйін біл,

Сөз,ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Есендікте ізгілік ет, тарылма,

Қазына үлес ,жарылқа Һәм жаңылма- деген Ж Баласағұнидің сөзімен сабақ  қорытындыланды.

https://www.instagram.com/p/Cwo-SdBt2er/?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==


10-сынып оқушыларымен «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Ығылымғазы С.

Сабақтың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.

 Оқушылар мейірімді адам бойындағы қасиеттерді атай отырып, «Мейірім шуағы» сөзін топтастырды. Слайд тамашалап, өз ойларымен бөлісті. 

https://www.instagram.com/p/CwozEFaN4j3/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

11 – сынып оқушыларының қатысуымен «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Сейсебай Ф.Ж.

Мақсаты: Мектептің білім ордасы ретінде маңызын түсіндіру, мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білім құмарлыққа шақыру.

Сынып сағатын мұғалім алдымен оқушыларды жаңа 2023 – 2024 оқу жылымен, 1 – қыркүйек Білім күнімен құттықтап, оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлаумен бастады. Бүгінгі сабақта оқушыларға ой қозғап бірнеше сұрақтар қойылды. 

https://www.instagram.com/p/CwozfIaN7yz/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==



[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив