"Үштік одақ: мектеп, ата-ана, оқушы" тақырыбында ата-аналар жиналысы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үштік одақ: мектеп, ата-ана, оқушы" тақырыбында ата-аналар жиналысы
25
январь
2024

"Үштік одақ: мектеп, ата-ана, оқушы" тақырыбында ата-аналар жиналысы

    "МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі" КММ-де 2024 жылдың  25 қаңтары  күні  "Үштік одақ: мектеп, ата-ана, оқушы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. 

      Мақсаты: балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, ата-анада өз баласының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін қалыстастыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-пікірлерімен бөлісу.

    Мектеп психологы Р.Орынбасарова жиналысты бастамас бұрын жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында ата-аналармен тренинг жүргізді.

     Кіріспе сөз мектеп директоры А.Биназаровқа беріліп,  «Мектеп, оқушы, ата - ана: ынтымақтастық қырлары» тақырыбында баяндама оқыды.

     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шаекенова «Тәрбие үдерісі: ата-ана, мектеп, оқушы» тақырыбында баяндама оқып,  оқушылардың тәртібі, шаш үлгілері, сабақтан себепсіз қалмау керектігі, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін түнгі рейд туралы тоқталып өтті.

    Ата-аналарға «Тәрбие-отбасынан басталады» тақырыбында бейне ролик көрсетіліп, ата-аналар арасында пікірталас ұйымдастырылды. Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, бала тәрбиесінде негізгі жауапкершілік өздерінде екендігін баса айтты.

      Педагог-ұйымдастырушы З.Болат ата-аналарға оқушылардың сабаққа таңертеңгі уақытта кешігіп келетіндіктерін, сабақтан себепсіз қалдырмау керектігін айтты.

       «Ата-ана, мектеп, оқушы ұштасқанда ғана білім мен тәрбие үндеседі» тақырыбында жарыс сөз берілді. Жарыс сөзге шыққан сынып жетекшілер  оқушылардың сабақ үлгерімі, тәртібі жайында тоқталып, ата-аналарды үштік одақ болып жұмыс жасауға шақырды. Ал ата-аналар жауапкершіліктің өздерінде екенін айтып, балаларына дұрыс бағдар беретіндіктерін уәде етті.

     Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналар  оқушылардың білімі мен тәртібіне, сондай-ақ себепсіз сабақтан қалдырмауға, түнгі рейдке мұғалімдермен бірге өздері де кезектесіп шығатындықтарын айтты.

https://www.instagram.com/p/C2jR98dCeF_/?igsh=MWgzZG55M3E5bTBwNw==


[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив