«Ана тілім ардағым» 4-сынып » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2023

«Ана тілім ардағым» 4-сынып

      Тақырыбы:«Ана тілім ардағым»

    Мақсаты:   Оқушыларға  қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты салт-дәстүрлердегі   тіл шұрайын таныту. Халық мәдениеті тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін анықтау.

    Оқушыларға ана тілі туралы өлең,тақпақ,мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушының сөздік қорын молайту, тіл байлығын, ойлау, есте сақтау танымдық  қабілеттерін дамыту.        

  3. Оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Тіл туралы Заңның нұсқасы, тіл тірек сызбасы;

                                                     Кіріспе бөлім

І Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлемдесу!

-Түгендеу!

-Оқушыларды  сабаққа жұмылдыру.

- Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Өз тіліңді құрметте» деп аталады. 

ІІ Негізгі бөлім:

-Балалар сендер Өз тіліңді құрметте дегенді қалай түсінесіңдер?

 Тіл-халықпен бірге өмір сүріп, дамиды. Себебі, әр ұлттыңтілі бақыты, тірегі. 

Туған тілім, тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мендебіргеөсемін

Өшсе тілім менде бірге өшемін – деп Әбділда Тәжібаев айтқандай, тіл – халықтың бастыда қасиетті байлығы болса, байлығымызды келешек ұрпаққа мәңгілікке қалдыру, оның қасиетін білу – мақсатымыз.

- Ал, енді балалар өзіміз білетін тақпақтарымызға кезек берейік.

- Жарайсыңдар,өздеріңнің ана тілдеріңе деген сүйіспеншіліктеріңнің жоғары екенін байқадым. Тақтаға назар аударайықшы.

- Суретте не байқадыңдар?

- Бұл кітап «ҚР-ның Конституциясы», яғни, ҚР-ның Заңдары жазылған.Кітап 9 бөлімнен 98 баптан тұрады. Ішіндегі 17-19 баптарда «Тіл туралы» айтылған. Қане оқып, мағынасын ашып, естесақтап алайық.

- Балалар біздің тәрбие сағатымызға қонақтар келіп қалыпты. Ол кісілер өзіміздің үш бабамыз. Бізге айтар қандай ақылдары бар екен. «Бабалар недейді?» Қош келіпсіздер бабалар!

Үш кемеңгер дүлділім,

Сақтаған ел бірлігін,

Қалың елім пір тұтар

Қасиетті үш бабам – тілім туралы не айтсыздар?

Төле би:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандайзаңдылық

Өсер бабаң, байтақ елің тұрғанда

Қазақ тілің жасау керек мәңгілік.

   Қазыбек би:

Жетер енді әркімге бір ермейік

Қазақ болып құлашты бір сермейік.

Қанға сіңген қазақ тілін халқым-ау,

Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

  Әйтеке би:

Қазақ – қазақ болғалы

Тілім үшін күрес көргені

Көргені жоқ тілімнің

Мүмкін емес өлмегі. 


Ойын ойнағыларың келе ме? Онда «жалғасын тап ойынын» ойнайық. Шарты: мен мақалдың басын оқимын сендер жалғасын тауып айтасыңдар.

1. Тіл тас жарады, ......

2. Өзге тілдің бәрін біл,.....

3. Бас кеспек болса да,....

5. Жылататын да, жұбататын да – ...    

ІІІ Қорытынды бөлім:

- Бүгін тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сендердің көңіл сәулелеріңе сәлде болса нұр шашқандай болдым деген сенімдемін. Болашақтағы жалғастырушы біздерміз. Сондықтан өз тіліміздің асыл қасиеттерін бойымызға сіңіріп, оның қадір-қасиетін терең түсініп, ұғынып, еліміздің, жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық тіліміздің шұбарлануына жол бермей, таза да мөлдір күйде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра берейік.   

      «Ана тілім ардағым» тақырыбындағы  сынып сағатының мақсаты Оқушыларға  қазақ тілі өнерін, шешендік пен тапқырлықты салт-дәстүрлердегі   тіл шұрайын таныту. Халық мәдениеті тіл арқылы насихаттау, ана тілінің өміршеңдігін, адам тіршілігіндегі рөлін анықтау. Оқушылар тәрбие сағатында тіл-халықпен бірге өмір сүріп, дамитынына, әр ұлттың тілі бақыты, тірегі екендігіне түсініктем берді. Тіл туралы ақын-жазушыларымыздың нақыл сөзіне тоқталды. Рөлге бөлініп Әйтеке би, Қазыбек би, Төле бидің нақыл сөздерінен көрініс көрсетті.


   Тәрбие сағаты «Өз тіліміздің асыл қасиеттерін бойымызға сіңіріп, оның қадір-қасиетін терең түсініп, ұғынып, еліміздің, жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық тіліміздің шұбарлануына жол бермей, таза да мөлдір күйде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра берейік»  - деген сөздермен  қорытыланды.


Сынып жетекшісі:        Кизатова А
[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив