Мектеп тарихы » Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

Мектеп тарихы

«МЖШО бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы

1942 жылы   4 сыныптық бастауыш мектеп ашылды. 1944 жылдан 1948 жылға дейін Ағыбаева Рысалды Жартайқызы мұғалім болды. 1947-1950 жылдары Әбдрахманов Әбдірәсыл, Бұрабай  ,Мұхамедкәрімов  Мұхаметқали,1950-жылдардан 1964-жылға дейін  Мұратбеков Қабытай, Балықбаев Қабдолла бастауыш мектеп меңгерушісі әрі мұғалімі болған.1964 жылдан мектеп Ләбілданов көшесінен Нұрахмет көшесіне ауыстырылды.1964-1966 жылдары аралығында меңгеруші болып Қаратаев Қызархан,1966-1967   жылдары Әлкенов Стан,1968-1970 жылға дейін Қартбаев Аманбай,1970-77 жылдар аралығында Бөбеқұлов Мүсілім. Мұғалімдер Фарида Шоқанова, Раиса Бөпежанова,Зайда Нысанбаева. 1977-1978 жылы Шоқанова Фарида, 1977-80 жылы аралығында Мұрзабаева Роза,1977-81 жылы аралығында Бейсенбаев Ақатай, 1980-1988 жылы аралығында Байғондинова Сақыпжамал қызмет атқарды.1988-1989 жылдары Жұмабиева Марфуға меңгеруші болып қызмет атқарды. 1976-2008 жыл аралығында Нүрбекова Күлдариға  еңбек етті.1982-2013 жылдары Жұмабиева Марфуға еңбек етті. 1998 -2009 жыл аралығында Елебекова Жаңыл математика пән мұғалімі болып еңбек етті.

1986 жылы мектеп ескі ғимараттан жаңа ғимаратқа көшті.

  1989-1990 жылдары аралығында Қойлыбаева  Кәбира, 1990-1991 жылдары Жаңабаева Гүлбан,1991-1998 жылдары Садуақасова Оразхан меңгеруші болып қызмет атқарды. 1989 бүгінгі күнге дейін Қызылтоған  орталау мектебінде қызмет істейді. 1998 жылға дейін Қызылтоған бастауыш мектебін жыл сайын   оқушылар  Алғабас орта мектебіне қатынап оқыды.Қызылтоған ауылынан келіп оқитын 80-90 оқушыны Алғабас ұжымдық   шаруашылығы тарапынан тұрақты бөлінген автобус тасып  жеткізіп тұрды.

1998 жылға дейін бастауыш  мектебі болды. 1998 жылы Көксу ауданының Н.Әкежановтың 14 шілдедегі № 7-232 қаулысының шешіміне сәйкес Қызытоған бастауыш мектебі 9 жылдық Орталау мектебі болып қайта құрылды.1998 жылдан бастап  9 жылдық Қызылтоған орталау  мектебіне ауыстырылды ,сол жылы мектеп  директоры Мамекова Гүльмира тағайындалды. Ол 2001 жылға дейін қызмет атқарды.2001-2004 жылдары аралығында мектеп директоры Садуақасова Оразхан ,2004-2011 жылдары Досаева Эльвира директорлық қызмет атқарды.2011 жылдан бүгінгі күнге дейін Еркинбеков Нұрлан Сатайұлы Қызылтоған  орталау мектебінде директор болып  қызмет істейді. Қазіргі таңда ұжымда 20 мұғалім еңбек етеді.Бастауыш сыныпта 5 мұғалім дәріс береді.Жоғары санатты бастауыш мұғалімі Шағатаева Назгүл,1 санатта Садуакасова Оразхан, 2 санатта Кизатова Айнұр,Абдуахапова Жанар, Уразалиева Шынар. Жоғарғы сыныптарға дәріс беретін 15мұғалім. Жоғарғы санатты география пән мұғалімі Сейсебай Фарида. 1 санаттағы мұғалімдер: тарих пән мұғалімі Еркинбеков Нұрлан,  орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Рахманбекова Гаухар,технология пән мұғалімі Мамеков Нұрбол, информатика пән мұғалімі Кумекова Жазира,химия және биология пән мұғалімі Қабылова Айгерім,2 санаттағы мұғалімдер: тарих пән мұғалімі Шағатаев Зейнеола, қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ығылымғазы Сайраш,дене тәрбиесі пән мұғалімі Естаев Азамат,ағылшын пән мұғалімі Искакова Салтанат,математика пән мұғалімі Алиева Нүрбиби,физика пән мұғалімі Темірбекова Мадина,өзін-өзі тану пән мұғалімі Қуанышбайқызы Балжан,жас мамандар: дене шынықтыру пән мұғалімі Құрмашев Даулет,психолог Сейітқали Меруерт.Қазіргі таңда мектепте 104 оқушы дәріс алады. ( Мектеп алды даярлық сыныбында 9 оқушы,1-9 сыныпта 95 оқушы).

   Қазіргі таңда Қызылтоған бастауыш мектебінен білім алып жоғары жетістіктерге жеткен азаматтар: Алдибеков Исабай Тәңірбергенұлы Алматы қаласындаға Энергетика және байланыс университетінің Техника ғылымының докторы, профессор.


Қапиза Мамекова Тәңірбергенқызы педогогика ғылымдарының    докторы, профессор.


Шағатаев Қайрат Күнесбекұлы  Заң ғылымының кандидаты, доцент, Қарағанды обылыстық сотының судьясы,Обылыстық соттың оқу орталығының   бастығы.


2020 жылы Қызылтоған ауылында үлкен қуаныш. Себебі мұнда екі қабатты үлкен мектеп бой көтерді. 

2020 жылдың 28 тамызында аудан әкімі Алмас Ғабдолұлы    мектептің ашылу салтанатына қатысып, ауыл тұрғындарының алғысын алды.  Мектеп атауы «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Қызылтоған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ашылды. Мектеп директоры болып Қайыржанов Нұржігіт Бақтығалиұлы тағайындалды.

Мектебіміз 120 орындық оқушыларға арналған. Мектеп жанынан 25 балаға арналған бала бақша салынды. Мектебімізде 114  оқушы, 1-11 сыныптар аралығында  105 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбынды 9 оқушы  білім алады. Мектеп қазіргі заман талабына сай жабдықтармен қамтылды. Әр кабинеттерде ұстаздардың сабақ беруіне ыңғайлы жағдай жасалды. Әр сынып компьютермен жабдықталып, интербелсенді тақта орнатылды. Екі лингафон кабинеті ашылды. Химия, бология, физика сабақатарының тиімді түрде өтілуіне жағдай жасалып, құрылғылар әкелінді, зертхана толығымен жабдықталған. Әр сынып интернет желісімен қамтамасыз етілді. Дене шынықтыру сабағына арналған спорт зал және мектеп жанында футбол, баскетбол алаңдары қазіргі үлгіде салынды.Мектепте 27 мұғалім, 20 кіші қызметкер жұмыс істейді.  


[xfgiven_galery] [xfvalue_galery] [/xfgiven_galery]

Похожие публикации:

06 декабрь 2021 "СПИД ғасыр дерті"
10 декабрь 2020 Мұғалімдер
09 декабрь 2020 Мектеп директоры
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив