Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/ ru Жетісу облысы Көксу ауданы Қызылтоған орта мектебі DataLife Engine «20 наурыз-Ұлттық спорт күні» https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/320-20-nauryz-ltty-sport-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/320-20-nauryz-ltty-sport-kn.html         «20 наурыз-Ұлттық спорт күніне»  ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

       Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары асық ату, қол күрес, арқан тартыс ойындары арқылы балалардың туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

       Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шаекенова оқушыларға «19 наурыз-Ұлттық спорт күні» аталуын түсіндіріп, ұлттық ойындар /арқан тартыс, асық ату, қол күрес, теңге ілу, аударыспақ, т.б./ жайында ақпараттар беріп өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Естаев пен Д.Құрмашев оқушыларға қауіпсіздік ережесін түсіндірді. 

        1-4 сынып оқушылары «Асық ату» ойынын ойнады. Оқушылар кезектесіп, асықтарды сақаларымен атып, өздерінің  дәлдеп ату шеберліктерін көрсетті. Ойын соңында Әнуарбек Әли 1-орын, Қосбай Олжас 2-орын, Тастанды Айсұлтан, Сырдарбек Нұрали  3-орын иеленді.

       5-10 сынып оқушылары арасында «Қол күрес», «Арқан тартыс» ойындарын ойнатты. "Қол күрес" ойыны соңында Мұхамедқали Бақдәулет 1-орын, Сейтжапар Нұрбақыт 2-орын, Өмірғали Диас 3-орын иеленді. "Арқан тартыс" ойынының соңында «Жалын» командасы 1-орын, «Тұлпар» командасы 2-орын иеленді.



]]>
admin Wed, 20 Mar 2024 18:50:39 +0600
«19-наурыз -Жаңару күні» https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/319-19-nauryz-zhaaru-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/319-19-nauryz-zhaaru-kn.html      «19-наурыз -Жаңару күніне» мектеп ұжымы, оқушыларымен бірлесе отырып, мектеп ауласына шырша отырғызды.

     Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді және қоғамды  ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге үндейді.

     Жаңару күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Бұл — алға жаңа мақсат қойып, жаңа жобаларды бастау, елдің жаңа басшылығының саяси ерік-жігері мен прагматикалық ұстанымының арқасында өмірді жақсылыққа қарай өзгерту туралы шешім қабылдау уақыты» делінген Наурызнама тұжырымдамасында.

]]>
admin Tue, 19 Mar 2024 18:45:06 +0600
«Bauyrsak party» https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/321-bauyrsak-party.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/321-bauyrsak-party.html         18 наурыз күні                   1-4 сынып аралығында        «Bauyrsak party»  ұйымдастырылды.

       Барысында ДТІЖО А.Шаекенова оқушыларға қып- қызыл болып піскен бауырсақтарды, томпиып, торсиып дастарханның сəнін келтіретін шай бауырсақ, ши бауырсақ, жол бауырсақ, май бауырсақ, кеспе бауырсақ , ашыған бауырсақ, жол бауырсақ, кеспе бауырсақ, ірімшікті бауырсақ, бармақ бауырсақ, жәй бауырсақ, шелпек түрлерінің жасалу жолын түсіндіріп өтті.

        Оқушылар жасырылған жұмбақтардың жауабын тауып, мақал-мәтелдердің жалғасын айтты.  Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сұрақтарға жауап берді. Ребус шешу арқылы мақалдарды тапты. Оқушыларға, ұстаздарға ыстық бауырсақтар таратылды.

]]>
admin Mon, 18 Mar 2024 18:54:45 +0600
18 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Ұлттық киім күні" https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/318-18-nauryz-nauryznamany-trtnsh-ltty-kim-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/318-18-nauryz-nauryznamany-trtnsh-ltty-kim-kn.html        18 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Ұлттық киім күні" атап өтілді. 

       Іс-шараның мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту. 

      Жалпы, қазақтың ұлттық киімдері өзге халықтарға ұксамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Ерте замандардан бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қазақ қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан ұлттық киімдеріміз жетерлік. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым, жұмысқа және жүріп — тұруға үйлесімді, дене сымбатын ашатын сәнді болып келген.

     Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында өткізілген «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.

]]>
admin Mon, 18 Mar 2024 18:42:26 +0600
17 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Шаңырақ күні" https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/308-17-nauryz-nauryznamany-trtnsh-shayra-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/308-17-nauryz-nauryznamany-trtnsh-shayra-kn.html           Мектебімізде 17 наурыз Наурызнаманың төртінші – "Шаңырақ күні" атап өтілді. 

       Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған. 

     Мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Шаңырақ күніне» «Шеге шапан» дәстүрін көрсетіп, "Шаңырақ" күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күні екеніне тоқталып өтті.

       Шеге шапан (дәстүр, кәде) - құда болуға баталасқан екі жақ келіскенен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсынғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.

https://www.instagram.com/reel/C4nTLT9rc_Z/?igsh=YnJndHc1cXZpa3Nl]]>
admin Sun, 17 Mar 2024 19:42:21 +0600
«16 Наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні" https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/307-16-nauryz-mdeniet-zhne-ltty-salt-dstr-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/307-16-nauryz-mdeniet-zhne-ltty-salt-dstr-kn.html            «16 Наурыз-мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай  2024 жылдың 16 наурыз күні 1-11 сынып аралығында «Дәстүр» челленджі ұйымдастырылды.

        Мақсаты: Оқушыларды ата-бабаларымыздың дүниетанымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету.

       Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шаекенова 1-11 сынып оқушыларын «Дәстүр» челленджіне қатысуға шақырды.

      1-сынып оқушылары «Көрісу» дәстүрін көрсетіп, 2-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені Көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себептермен 14 наурыз күні болмаған немесе сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруге тиіс.

       2-сынып оқушылары 1-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Жарапазан айту» дәстүрін көрсетті.

Жарапазан — қазақ даласына ислам дінінің келуімен пайда болған тұрмыс-салт жырларының бірі. Оны еліміздің кейбір өңірлерінде «Жарамазан» деп те атайды. Арабтың «Жә Рамазан» деген сөзінен шыққан тіркестің мағынасы «Рамазан келді» дегенді білдіреді. Балалар мен жасөспірімдер оны Рамазан айында сәресі уақыты жақындаған кезде айтады. Ондағы мақсат — адамдарды сәресіге ояту. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. 

      2-сынып оқушылары 3-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады. 

 

       3-сынып оқушылары 2-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Ақ алып шығу» дәстүрін көрсетті.

Ақ алып шығу — қазақ халқының бірлігі мен мейірбандығын танытатын рәсімдерінің бірі. Ертеректе іргесіне көшіп келе жатқан ауылдың алдынан “Көш байсалды болсын!”, — деп, қазақ үшін ас атаулының киелісі ас алып шығу дәстүрі болған. Көшіп келе жатқандардың көшбасшысы көлігінің бұйдасын ұстап қарсы алғаннан кейін екі ауылдың аналары көштегілерді аялдатып, сабадағы қымыз бен дастархандағы еттен ауыз тиген. Қазақта тұсынан өтіп бара жатқан көшке ақ алып шықпау әдепсіздікке саналған. Көңілінде дығы бар, береке жағына беттемегендер ғана бұл рәсімге бой ұрмаған.

      3-сынып оқушылары 4-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

    4-сынып оқушылары 3-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Байғазы» дәстүрін көрсетті.

         Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы. Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды. Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.

         4-сынып оқушылары 5-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

      5-сынып оқушылары 4-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Шолпы тағу» дәстүрін көрсетті.

Шолпы – ұлттық әшекей ғана емес, қыз баласының бойжеткенін білдіретін рәміз. Он бес жасқа толғанда жеңгесі екі үзбелі күміс шашбауды қос бұрымына тағады. Мұны – шолпы тағу дәстүрі дейді. Осы сәттен бастап бойжеткенін білген ару жүрісіне дейін мән бере бастайды. Өйткені құда түсушілер қыздың мінезін шолпысының сыңғырынан аңғарған.

       5-сынып оқушылары 6-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

        6-сынып оқушылары 5-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Қолкесер» дәстүрін көрсетті.

Қол кесер — соғым союшыларға еттен берілетін сыбаға. Дәстүр бойынша шаруашылыққа көмекке келген адамды еңбек ақысыз жібермеген. Шаруаның ауыр, жеңіліне қарамай тиісті ақысын берген «келі түбі», «қол үздік» сияқты. «Қол кесер» - соғым сойған, етті мүшелеген. Етті мүшелеген уақытта қолын кесіп алса, ақы төленген. Етті мүшелегенді «соғым соятын» отбасы жақсы біледі. Союшы адам міндетті түрде «қол кесер» алған. «Ауыз омыртқа» деген мүшені союшы адам алатын. Соғым сою – отбасы үшін қуаныш, мереке күн болған. Соғымнан алғашқы дәм «қуырдақ» болады.

        6-сынып оқушылары 7-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

       7-сынып оқушылары 6-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Ерулік» дәстүрін көрсетті.

          Ерулік— дәстүрлі халықтық жоралғының жарқын үлгісі. Жаңадан көшіп келген, жапсарлас қонған отбасына бұрыннан отырған көршілері қонақасы береді, дәм-тұз татырып, ықылас-пейіл білдіреді. Ерулік беру арқылы ауыл тұрғындары жаңа көршілерін өздеріне етене жақындастыруды, бөтенсітпеуді де көздейді. Ерулік қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен (қазы-қартажал-жая, т.б.) пісіріледі немесе қой сойылып шақырылады.

     7-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады. 

         8-сынып оқушылары 7-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Бәсіре» дәстүрін көрсетті.

        Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.

        8-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.

       9-сынып оқушылары 8-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Шеге шапан» дәстүрін көрсетті.

Шеге шапан (дәстүр, кәде). Құда болуға баталасқан екі жақ келіскенен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсынғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.

       9-сынып оқушылары 10-сынып оқушыларына «Дәстүр» челленджін жолдады.             

    10-сынып оқушылары 9-сынып оқушыларынан «Дәстүр» челленджін қабыл алып, «Базарлық» дәстүрін көрсетті.

        Базарлық - алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы. Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым түрінде болады. Дәстүрлі ортада базардан келе жатқан кісіден базарлық сұрау салты болған. Ескеріп базарлық әкелу - жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі, қауым мүшелерінің арасында дәнекер, әлеуметтік, моральдық қатынастарды жүзеге асырудың бір тетігі ретінде де бағамдауға болады.

https://www.instagram.com/reel/C4nMChvr9Ge/?igsh=M2xuYXNidTh0MGpi



]]>
admin Sat, 16 Mar 2024 19:40:20 +0600
"Жер сағаты" акциясы https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/309-zher-saaty-akcijasy.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/309-zher-saaty-akcijasy.html          «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясына орай 2024 жылдың 15-наурыз күні 8-10 сынып оқушыларымен "Жер-адамзаттың ортақ үйі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

           Мақсаты балалар мен жастардың экологиялық мәселелерді, атап айтқанда, біздің ғаламшарымыздың климатының өзгеру мәселелерін шешуге барынша кең назарын аудару болып табылады. Сонымен қатар оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, табиғат үшін жауапкершілік сезімін қалыптасыру және оның сұлулығын құрметтеуге тәрбиелеу.

         Дөңгелек үстел барысында оқушылар пікіралмасу арқылы қазіргі заманғы жеріміздің экологиялық жағдайын талқылады. Табиғатты қорғау міндеттері екенін айтты.

 

https://www.instagram.com/p/C4nVDiKLEQb/?igsh=MXZxeDJ2bW0xYmo1NA==

]]>
admin Fri, 15 Mar 2024 19:44:41 +0600
15 наурыз-Қайырымдылық күні https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/306-15-nauryz-ajyrymdyly-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/306-15-nauryz-ajyrymdyly-kn.html      2024 жылдың 15 наурыз күні Қайырымдылық күніне арналған «Балаға мейірім сыйла» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

      Мақсаты: жас жеткіншектерді ұлттық рухта тәрбиелей отырып, адамгершілік сезімін ояту

      Игі шараға Алғабас ауылдық округінің әкімі Жұмабек Әлішер Қайратұлы, Қамқоршылық кеңес төрағасы Елебеков Сатан Нұрмолдаұлы, Мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Орынбаева Роза Шакенқызы, «Аталар» клубының мүшесі Миятбеков Қанат Төлебайұлы, «Әжелер» клубының мүшесі Шагатаева Гүлзира Диханбайқызы қатысты. 

       Игі шара барысында мектеп директоры А.Биназаров сөз алып, Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акциясын түсіндіріп өтті. 

      Алғабас ауылдық округінің әкімі Жұмабек Әлішер Қайратұлы сөз алып, мектеп директоры А.Биназаровқа «QH Жаздық жолдама-2024» жолдамасын табыс етті.

     Қамқоршылық кеңес төрағасы Елебеков Сатан Нұрмолдаұлы, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Орынбаева Роза Шакенқызы, «Аталар» клубының мүшесі Миятбеков Қанат Төлебайұлы, «Әжелер» клубының мүшесі Шагатаева Гүлзира Диханбайқызы акцияға өз үлестерін қосты.

       Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

https://www.instagram.com/reel/C4hm1gTicC/?igsh=MWNnMG44bmFydWc1YQ==  

]]>
admin Fri, 15 Mar 2024 19:33:50 +0600
14-наурыз Көрісу күні https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/305-14-nauryz-krsu-kn.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/305-14-nauryz-krsu-kn.html       «14-наурыз Көрісу күніне» арналған мектеп ұжымы, оқушыларымен «Амал келді – Жыл келді» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. 

     Мақсаты: «Көрісу» туралы түсінік беру, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.

     14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.

      Іс-шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Шаекенова көрісу күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

     7-сынып оқушылары көрісу күніне арналған  көрініс көрсетіп, көрісу күнінің мән-мазмұнына тоқталып өтті.

     Мың бұралған биші қыздар «Қазақ биі» биін биледі.

 https://www.instagram.com/reel/C4fVCTKCCMs/?igsh=OWlkam91emJ1b3I=

]]>
admin Thu, 14 Mar 2024 19:31:46 +0600
«Таным.Тағылым.Тәрбие» тақырыбында MI BATTLE ойыны https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/303-tanymtaylymtrbie-tayrybynda-mi-battle-ojyny.html https://kyzyltogan-koksu.mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/303-tanymtaylymtrbie-tayrybynda-mi-battle-ojyny.html            5-11 сынып арасында «Таным.Тағылым.Тәрбие» тақырыбында MI BATTLE ойыны ұйымдастырылды.

      Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын,    танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, логикалық тапсырмалардың ерекшеліктерін бағдарлап, мәдени түрде жауап беру, ой ұшқырлығы мен шешендік сөйлеуді қоса игеруге баулу.

      Ойынға «Жеңіс», «Жалын», «Мәди және оның достары», «Жетісу», «Элита» командалары қатысты, әр командада 6 оқушыдан болды.

      Ойын 5 турдан тұрды:

  1. Get lucky
  2. L-logika
  3. Shazam
  4. Hardcore
  5. All in!

      Ойын барысында қатысушылар әр турда берілген логикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлықтарын көрсетті. 

      Ойын соңында әділқазы алқалары ойын нәтижесін жариялады. 1-орынды «Жалын» командасы, 2-орынды «Мәди және оның достары» командасы, 3-орынды «Жетісу» командасы иеленді. «Жеңіс» командасы «Үшқыр ойлы» номинациясын, «Элита» командасы «Білгірлер» номинациясын иеленді. Ойынға қатысқан командалар мадақтама қағазымен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/C4VuzqTiFj2/?igsh=YXVqeDFtY210czFh




]]>
admin Wed, 06 Mar 2024 19:26:44 +0600